Қырғыз парламентінің депутаттары Асқар Ақаевтың келуіне қарсы шықты

518

Ол жоғары оқу орындарында дәріс оқу үшін Қырғызстанға келмек.

Қырғыз парламентінің депутаттары Асқар Ақаевтың келуіне қарсы шықты Фото: zakon.kz

Қырғызстан парламентінің депутаттары 2005 жылы президенттіктен кеткен Асқар Ақаевтың елге келуіне қарсылық білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Парламентшілердің айтуынша, жергілікті оқу орындарына елден қашқан бұрынғы мемлекет басшысының дәріс оқуына рұқсат берілмеуі тиіс. 

"Біз оның біздің елді қалай жерге көмгенін білеміз. Ақсыда қалай адамдарды қырғаны да есімізде. Оның білімді азамат екенін күмән жоқ, бірақ ол келіп жастарға не береді? Қалай елдің байлығын ұрлауды үйрете ме? "- деді депутат Айбек Маткеримов.

Депутат Құндызбек Сулайманов Білім Министрлігінің басшысынан Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің (ҚМТУ) ректоры Мирлан Шырынбаевқа қатысты шаралар қабылдауды сұрады.

"Бізге оның дәрістері қажет емес. Қаныбек Қапашұлы Сізге уақтылы ақпарат бермегені үшін ҚМТУ ректорына қатысты шаралар қабылдауды сұраймын", — деді Сулайманов.

Бұған дейін Асқар Ақаев Бішкекке келіп, Қырғызстанның кейбір жоғары оқу орындарында сөз сөйлеуге ниетті екендігі хабарланған болатын. Кейбір университеттер оның дәрістерінен бас тартуды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу