Қырғыз Премьер-Министрі дағдарысқа қарсы Еуразиялық қор құруды ұсынды

1382

Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Ақылбек Жапаров Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне дағдарысқа қарсы қор құруды ұсынды. Бұны астанада өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында айтты.

Қырғыз Премьер-Министрі дағдарысқа қарсы Еуразиялық қор құруды ұсынды

"Одаққа мүше мемлекеттердің дамуында алшақтық елеулі түрде артып келеді. Мұндай жағдай ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер халқының дамуы мен табыстары деңгейіндегі алшақтықтың ұлғаюына алып келеді. Біз бұл үрдісті мүше мемлекеттер экономикаларының даму деңгейі мен халықтың табысы бойынша конвергенциясы үшін алғышарттар жасау арқылы тоқтата аламыз", – деді Жапаров.

Оның айтуынша, сыртқы жағдайлар мен макроэкономикалық қысым барлық мемлекетке әсер етеді. Ал одақ жүйесінде бұл қысымды ұстап тұру алгоритмі жоқ. Сонымен қатар геосаяси турбуленттілік ЕАЭО елдерінің экономикаларына қысым мен шиеленістің өсуіне алып келеді.

"Мұндай жағдайда тығыз экономикалық байланыстарға ие бола отырып, біз бірігіп, осы сын-тегеуріндерге қарсы тұруға тиіспіз. Біз одақ аясында жоғарыда аталған даму бағдарламаларын қаржыландырудың икемді және жеңілдікті құралдарымен даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған дағдарысқа қарсы Еуразиялық қор құру жөнінде ойлануымыз қажет", – деді Қырғызстанның премьер-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу