Қырғыз президенті кім болатынын Мәскеу, не Вашингтон шешпейді

960

Қырғыз президенті кім болатынын Мәскеу, не Вашингтон шешпейді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Euronews телеканалына берген сұхбатта Ресей президенті Владимир Путин өз сапарында Кремльге кімнің президент болуы лайықты екенін меңзейді деген сөздерге жауап берді, деп хабарлайды baq.kz.

Оның айтуынша, бұл абсурд.

"Кей саясаткер осындай қаңқу сөздерді айтып, сандырақтап жүр. Қырғызстан барлық көршісіне тәуелді болған. Олар газ, электр бермей қойып, шекараны жауып тастауы мүмкін еді. Біз қазір мүлдем басқа елміз. Владимир Путин бұл үшін келе жатқан жоқ. Бізде талқылайтын мәселе жетеді. Ал президент кім болуы керектігін Мәскеу, не Вашингтон шешпейді, Қырғызстан азаматтары шешеді. Маған сеніңіздер. Бұл енді тіпті басқа мемлекет. Біз өз мәселемізді өзіміз шешеміз", – дейді Алмазбек Атамбаев.

Ресей президенті Владимир Путиннің Қырғызстанға сапары ақпан айының соңына жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу