Қырғыз президенті ШЫҰ даму банкін Бішкекте ашуды ұсынды

868

Қырғыз президенті ШЫҰ даму банкін Бішкекте ашуды ұсынды

Қырғыстан президенті Алмазбек Атамбаев Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары кеңесінің отырысында қырғыз тарапы ШЫҰ Даму банкін Бішкекте ашуды ұсынды, деп хабарлайды strategy2050.kz.
"Шекаралық аудандарда сенімді күшейту өзектілігі тууда. Біз ШЫҰ елдері өз шекараларымызды бейбітшілік пен достық  белдеуіне айналдыруымыз керек. Сауда- экономикалық ынтымақтастықты  тиімді дамыту да  өңірдегі тұрақтылық  пен қауіпсіздіктің нығаюына жұмыс істейді. Себебі, біздің  елдер халқының жағдайы мен экономикалық мәселелерді шешу жергілікті тұрақсыздық жағдайларды жоюға бағытталған", - деді А.Атамбаев.

Қырғыз президенті  айтып өткендей,  ШЫҰ даму банкін құрудың уақыты жетті.

"Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенділуін қолдаймыз. Сондықтан да ШЫҰ Даму банкін құру мәселесі туып отыр. Қырғызстан да ШЫҰ құрушыларының бірі болды. Сол себепті аталмыш банк Бішкек қаласында орналасуы керек деген  шешімді ұсынып отырмыз", - деді А.Атамбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу