Қырғыз президентінің әкімшілігі Текебаевтың мәлімдемесін кезекті шоу деп атады

1167

Қырғыз президентінің әкімшілігі Текебаевтың мәлімдемесін кезекті шоу деп атады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевқа импичмент жариялау туралы мәлімдеме – кезекті шоу. Осылай деп президент әкімшілігі ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі Алмаз Усенов айтты, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған Baq.kz.

"Бұл қарабайыр шоу. Біз еркін елміз. Саясаткерлер мен қоғам қайраткерлер өз ойларын еркін айтады. Біреулер жұмыс істейді. Енді бірі таңқалдырғанды жақсы көреді. Мәселен дәрігер Апас мен атақты заңгер Текебаев шоу көрініс ретінде баспасөз мәслихатын өткізгенді жақсы көреді. Сосын тағы бір Мотуев деген түрмеде отырып кастингтер ұйымдастырады. Турсунбек Акун мен Ондуруш Токтонасыров үнемі бірдемелерді ойлап тауып жүреді", – деді ол.

"Ал ұлттық қауіпсіздік комитеті көтерген Белиз құжаттарының артында президент тұр деген мәселеге қатысты айтарым, бұл жанжал алдымен Жогорку Кенеште депутаттардың көтеруімен басталды. Депутаттар өздерінің үш әріптесіне заңсыздыққа барды деген айыптар тақты. Осыдан кейін барып құқық қорғау органдары тексере бастады. Оларға жұмыстарын соңына дейін жүргізуге мүмкіндік берейік. Тексерудің соңын күтейік, сол кезде бәрі белгілі болады", – деп атап өтті Усенов.

22 қарашада "Ата Мекен" партиясының парламенттегі фракциясының лидері Омурбек Текебаев ел президенті Алмазбек Атамбаевқа қарсы сенімсіздік білдіру үшін қажетті құжаттарды жинауды бастағанын мәлімдеді. Оның сөздерінше, ол және айналасындағы адамдар билікті жекешелендіріп, уысында ұстап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу