Қырғыз Республикасы туының түсі мен әнұранның сөзін өзгертуі мүмкін

2455

Қырғызстанда тудың түсі мен әнұран мәтінін өзгерту мәселесінің көтерілуі бірінші рет емес.

Қырғыз Республикасы туының түсі мен әнұранның сөзін өзгертуі мүмкін

Бейсенбіде қырғыз парламентінің отырысында депутаттардың бірі мемлекеттік тудың түсі мен әнұран мәтінін өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz cactus.media-ға сілтеме жасап.

Депутат қазіргі тудың қызыл түсі КСРО кезінде таңдалғанын айтып, мұндай түс агрессия мен соғысты меңзейтінін айтты.

"Тарихқа жүгінсек, қырғыздар туы көк түсті болған. Сондықтан біз байырғы туымыздың кейпін қайтаруымыз тиіс. Қазірдің өзінде осы бағытта заң жобасы дайындалуда. Оған қоса, әнұранда кейбір сөздерді түзету қажет. Біздің тарихи рәміздерімізге қайта оралу уақыты келді", - деді ол.

Бұған дейін осы депутат елдің атауын өзгертуді ұсынған болатын. Ұсынылған нұсқалардың ішінде "Қырғыз эли", "Қырғыз қағанаты", "Қырғызжер" болды.

Агенттік хабарлағандай, Қырғызстанда тудың түсі мен әнұран мәтінін өзгерту мәселесі бірінші рет көтеріліп отырған жоқ.

2011 жылы парламенттік комиссия қоғам өкілдерімен бірлесе отырып, әнұран мәтініндегі бірнеше сөз екіұшты естіледі және оларды неғұрлым үйлесімді әрі мағыналы сөздермен ауыстыру керек деген қорытындыға келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу