Қырғыз Республикасымен шекарада героиннің ірі партиясы ұсталды

676

Мұндай қылмыс жасағаны үшін жиырма жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қырғыз Республикасымен шекарада героиннің ірі партиясы ұсталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жедел департаменті және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Қарасу" шекаралық бекетінде Қырғыз азаматының көлігінен есірткі тапты. Қырғыздық азамат героинді алып өтпек болған.

"Көліктің жүк салғышынан бал салынған ыдыс анықталды. Шелектің қос түбінде жасырын орындар орнатылып, мұнда жалпы салмағы 1872 грамм болатын ақшыл сары түсті заты бар 2 полиэтиленнен жасалған орама анықталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл зат героин болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 286-б. 4-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды",– деп жазылған ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетсек, мұндай қылмыс жасағаны үшін жиырма жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу