Қырғыз Республикасында заңсыз жүрген балалар елге қайтарылды

433

Жыл басынан бері көршілес елдің аумағынан 3 қыз, 2 ұл елге қайтарылды. Олардың бәрі кәмелет жасына толмағандар. 

Қырғыз Республикасында заңсыз жүрген балалар елге қайтарылды

Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қырғыз Республикасында заңсыз жүрген 5 баланы елімізге қайтарған, деп жазады inbusiness.kz министрлікке сілтеме жасап.

"2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз болған. Қолда бар деректерге сәйкес, баланың анасы көрші елге барып, қызын тәрбиелеуге тиісті құжаттарды ресімдемей, бейтаныс адамдарға тапсырған. Бала жақын туысының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды. 2009 және 2011 жылдары туған әпкесі мен інісі Бішкекте болған. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары арқылы балаларды елге қайтару қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті. 2010 және 2015 жылы туған ағасы мен қарындасы Қырғыз Республикасы Ош облысының Қара-ағы Суй ауданында болған. Балалар туыстарында заңсыз болып, анасының өтініші бойынша елге қайтарылды", – деді еліміздің Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Спикердің айтуынша, елге қайтарылған балалар Алматыдағы Балаларды қолдау орталығына жеткізілген. Оларды туыстарына беру жұмыстары аяқталды немесе жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу