Қырғыз Республикасының экс-президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

457

Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық қудалау адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қырғыз Республикасының экс-президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Фото: kaktus.media

"Құмтөр" ісі бойынша Қырғыз Республикасының экс-президентіне билікті немесе қызметтік бабын асыра пайдаланып 1992 жылы "Камеко" компаниясымен келісім жасау және 2003 жылы "Құмтөр" жобасын қайта құрылымдау эпизодтарына немқұрайлылық танытқаны үшін айып тағылған болатын.

"Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық қудалау адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды", - деп хабарлады Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы.

Асқар Ақаев 1990-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болған, содан кейін қызғалдақ төңкерісінен кейін Ресейге қашып кеткен.

"Құмтөр" – Қырғызстандағы ең ірі алтын кен орны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу