Қырғыз тасымалдаушыларының заңбұзуы жиіледі

954

Қырғыз тасымалдаушыларының заңбұзуы жиіледі

Қырғыз тасымалдаушыларының заң бұзушылығы жиіледі. Жыл басынан бері Қазақстанға беттеген 22 мыңға жуық жүк көлігі тексеріліп, оның 1376-сының заң бұзғаны анықталған. Бұл туралы инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, заң бұзушылықтың саны 2016 жылғы көрсеткіштен асып түскен. Мысалы, былтыр Қырғызстан тасымалдаушылары заңнаманы 1141 рет бұзған. Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар тауар-көлік жүк құжатының және тез бүлінетін жүктерді тасымалдау сертификатының болмауы және салмақ пен габарит параметрлерін сақтамау болып отыр. Сонымен қатар, қырғыздың жүк көліктері қауіпті заттарды тасымалдау мен өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамайтын болып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу