Қырғыз-тәжік қақтығысында 100-ге жуық адам қаза тапты

781

Тәжікстан мен Қырғызстан екі ел шекарасындағы қақтығыстардың салдарынан барлығы 94 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жарақат алды.

Қырғыз-тәжік қақтығысында 100-ге жуық адам қаза тапты

Екі ел арасындағы қақтығыс 14 қыркүйектен 16 қыркүйекке дейін жалғасты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Екі елдің үкіметтерінің жексенбілік мәлімдемесіне сүйенсек, қақтығыс құрбандарының жалпы саны 94-ке жетті. Қырғызстан билігі шекара маңындағы Баткен облысындағы қақтығыс нәтижесінде 59 адам қаза тауып, тағы 144 адам жарақат алғанын хабарлады.

Қырғызстанда 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі тәжік тарапынан зардап шеккендердің санын бірінші рет атады. Ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында 35 қаза тапқан және 25 жараланған тәжік азаматтары туралы хабарланған, олардың арасында әйелдер мен балалар бар.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу