Қырғыз-тәжік шекарасында оқ атылды

1378

Оқыс оқиға кеше болған. 

Қырғыз-тәжік шекарасында оқ атылды

Қырғызстанның шекара қызметі Тәжікстанмен шекарадағы жағдайдың ушығуына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Қырғызстан шекара қызметінің мәліметінше, сенбі күні Тәжікстанның әскери күштері Қырғызстанның Дамба және Мақсат ауылдарының бірінің маңында миномет орнатқан. Кейін шекарадағы Эки-Таш аумағында атыс болған. Тәжікстан азаматтары қырғызстандықтардың көлігіне тас лақтырған, қырғыз шекарашысы аспанға оқ атқан.

"Осыдан соң Эки-Таш аумағында Қырғызстан мен Тәжікстан шекара заставалары басшылары кездесті. Олар шекарадағы жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша шекара нарядын қойды. Тәжік тарапы оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр... Қырғызстан шекара қызметі аталған учаскіде күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті", – деп жазылған хабарламада.

Бүгінде қос елдің шекарасындағы жағдай тұрақты.

"Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті осы учаскедегі жағдайды қадағалап, бақылап отыр", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жергілікті тұрғындар мен шекарашылар арасындағы қақтығыс болып тұрады. Оған себеп – мемлекеттер арасында жер учаскелерін бөлу бойынша нақты келісімнің болмауы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу