Қырғыз-тәжік шекарасында атысты тоқтату туралы келісім бұзылған жоқ

653

Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлайды, деп жазды inbusiness.kz. 

Қырғыз-тәжік шекарасында атысты тоқтату туралы келісім бұзылған жоқ

"Сағат 08:00-де Қырғызстанның Баткен және Ош облыстарындағы қырғыз-тәжік шекарасында түн ешқандай оқ атусыз және тараптар арасындағы атысты тоқтату туралы келісімді бұзусыз өтті", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Оның айтуынша, қабылданған шараларға қарамастан, жағдай шиеленісіп тұр. Қол жеткізілген келісімдерді мүлтіксіз орындау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқан тараптардың өкілдері мемлекеттік шекарада жұмысын жалғастыруда.

Еске сала кетсек, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс осыдан бірнеше күн бұрын басталды. Тараптар бір-бірін әскери техника қолданды деп айыптауда. Кейін Қырғызстанның шекара қызметі екі ел басшылары атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді. Бірақ бірнеше сағаттан кейін тараптар уағдаластықты бұзды. Қырғыз тарапы 24 адам қайтыс болып, 103 адам жарақат алғанын хабарлады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу