Қырғыз-тәжік шекарасында тағы дау шықты

1322

Көршілері қырғызстандықтарды Тәжікстан аумағына мақсатты түрде басып кірді деп айыптады.

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы дау шықты

Тәжікстанның Исфара қаласының билігі сәуірдің 22 күні 200 қырғыз азаматының шекарадағы әрекетін арандату деп атап, тәжік аумағына қырғыздар "мақсатты түрде басып кірді" деп айыптады. Бұл туралы қала мэрінің баспасөз хатшысы Икбол Тешаев facebook әлеуметтік желісінде жазды.

"Қырғызстанның Баткен ауданы Қара-БАҚ ауылының тұрғындары қарулы қырғыз шекарашылары тобының жасыруымен Тәжікстан Республикасының аумағына мақсатты түрде басып кірді. Алайда тәжік шекарашыларының ескертуінен кейін олардың басым бөлігі аумақтан кетті. Исфара қаласының басшылығы мен елдің тиісті органдары шекарадағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауда",– деп жазды ол.

Баспасөз хатшысының айтуынша, тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Осыдан он күн бұрын алты қырғыз шекарашысы шекараны бұзған болатын. 

"Тәртіп бұзушылардың мақсаты Тәжікстан аумағына жататын жерлерді игеру болып отыр. Осы арандатушылық әрекеттермен Баткен ауданының тұрғындары күш құрылымдарының қамқорлығымен Тәжікстан мен Қырғызстанның делимитация және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссиясының жұмысына кедергі келтіреді", – дейді Тешаев.

Ал Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің жұртшылықпен байланыс бөлімі тәжік тарапының ақпаратын растамай отыр. Ведомствосының мәліметіне қарағанда, Қарабақ ауылының тұрғындары Эскимазар елдімекенінде бұрын жерленген марқұмға Құран оқуға барған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу