Қырғыз-тәжік шекарасының барлық аймақтарында ұрыс жүруде

1015

Шекараға жақын ауылдардан адамдарды эвакуациялау басталды. 

Қырғыз-тәжік шекарасының барлық аймақтарында ұрыс жүруде

Қарулы қақтығыстар қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының бүкіл периметрі бойынша жүріп жатыр, деп хабарлады жұма күні Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі.

"Қарулы қақтығыстар қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының бүкіл периметрі бойынша жүріп жатыр", – деп хабарлады Шекара қызметі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәжік тарапы Баткен облысы Лейлек ауданының Құлынды, Максат және Жаны-Жер аудандарын атуды бастаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қырғыз тарапынан кемінде төрт әскери қызметші жарақат алған. Шекара маңындағы ауылдардың тұрғындарын эвакуациялау басталды. Баткен облысының басшысы Әбдікәрім Әлімбаев оқиға орнында. Жағдайды МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев бақылайды.

Лейлек ауданы тұрғындарының айтуынша, Тәжікстан минометтен оқ атуды бастады. Арқа, Мақсат, Интернационал және Құлынды ауылдары жаппай атылуда.

Әбдікәрім Әлімбаев мәліметіне сәйкес, Соғды облысының губернаторымен атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізілуде. "Тәжік тарапы шекараның барлық бөлігін атқылап жатыр. Олар минометтерден, үлкен калибрлі қарудан атуда", – деді ол.

Атыс әлі тоқтаған жоқ.

Бұған дейін Қырғызстан шекара қызметі 06:00-де (Мәскеу уақытымен 03:00) тәжік тарапы Қырғызстан шекара қызметінің Шекара отрядтарын және Қырғыз тарапының Эки-Таш, Чыр-Добо және Кум-Мазар және Орто-Боз елді мекендеріндегі позицияларына оқ жаудырғанын хабарлады. Кейін Баткен шекара отрядының "Көк-Таш" шекара заставасының жауапкершілік учаскесінде минометтік атыс басталды.

Тәжікстан тарапы да шекарада атыс жүріп жатқанын растады, алайда келісімді қырғызстандық шекарашылар бұзып, "16 қыркүйекте таңғы сағат 04:50-де бірінші Қырғыз тарапы Исфара шекара жасағының "Душанбе" заставасына оқ жаудырды" дегенді алға тартады.

Сонымен қатар, Тәжікстан МҰҚК деректері бойынша Қырғызстанның әскери қызметшілері ауыр қаруды қолдана отырып, бірнеше елді мекенге қарулы шабуыл жасаған.

"Оқиғадан кейін бірден сағат 06:30-да тараптар атысты тоқтатуды жариялау туралы келісті, бірақ қырғыз әскери қызметшілері оны сақтамай, Тәжікстанға әскери қару мен әскери техниканың барлық түрлерінен оқ атуды жалғастыруда", – делінген хабарламада.

Дереккөздің хабарлауынша, Тәжікстанда Чоркухта джамоатында бір азаматтық адам қаза тапты. Қазір тәжік күштері Баткен ауданының Достук ауылын басып алды.

Самарқанд пен Сомониендегі шекара бекеттерінде қызу шайқастар жүріп жатыр.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу