Қырғыз үкіметі Олимпиадаға қатысқан спортшылардың бәріне көлік мінгізді

2403

Биылғы спорт додасына қырғыздар 16 спортшы жіберген болатын. 

Қырғыз үкіметі Олимпиадаға қатысқан спортшылардың бәріне көлік мінгізді Фото: president.kg

Париж Олимпиадасына қатысқан қырғыз елінің спортшыларына автокөлік пен қаржылай сыйлық тарту етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олимпиада ойындарына Қырғызстан құрамасы сапында 16 спортшы аттанған болатын. Оның 6-ы жүлделі орыннан көрінді. Осылайша қырғыз спортшылары Олимпиада ойындарында иеленген жүлде саны бойынша рекорд жасады. 2 күміс, 4 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 68-орыннан көрінді. 

Әйелдер күресінен Мейірім Жұманазарова мен боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы күміс жүлдегер атанды. Грек-рим күресінен Ақжол Махмұдов, Жоламан Шәршенбеков, Үзір Жүсіпбеков және әйелдер күресінен Айсұлу Тыныбекова қола жүлдеге ие болды. Мейірім Жұманазарова, Ақжол Махмұдов пен Айсұлу Тыныбекова екінші рет Олимпиада ойындарында жүлдегер болды. 

Қырғызстан үкіметі Олимпиадада күміс жүлде алған спортшыға 10 млн сом ақша мен көлік тарту етті. Ал қола жүлдегерлерге 7 млн сом мен темір тұлпар сыйлады. Сондай-ақ бесінші орын алған Айпері Медетқызы (әйелдер күресі), Айаал Лазарев, Бекзат Алмазұлы(еркін күрес), Амантұр Исмаилов (грек-рим күресі) 1 млн сом мен көлік иеленді. Іріктеу кезеңдерінде есе жіберген 6 спортшыға 500 мың сом мен көлік берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу