Қырғыз ұлттық банкі валюта нарығынан 34,3 млн доллар сатып алды

236

Қырғызстанның ұлттық банкі 11 шілдеде кері интервенция жүргізіп, валюта нарығынан 34 млн 300 мың АҚШ долларын сатып алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғыз ұлттық банкі валюта нарығынан 34,3 млн доллар сатып алды Фото: nbkr.kg.

Реттеуші мәміле жасалған күнгі есеп айырысумен 17,5 млн доллар және мәміле жасалған күннен басқа күні тағы 16,8 млн доллар сатып алды.

Бұл – жыл басынан бері шетел валютасын сатып алу бойынша 11-ші интервенция.

Қазіргі уақытта доллардың ресми бағамы төмендеп жатыр және 12 шілдедегі көрсеткіш бойынша – 85,31 сом, ал еуро – 92,54 сом.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу