Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметкерінің телефонын алып, лақтырып жіберді

845

Inbusiness.kz сайтының 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, бұл оқиға Қамчыбек Ташиевтің Нарын облысына жұмыс сапары кезінде болған.

Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы қызметкерінің телефонын алып, лақтырып жіберді Фото: Бейнежазбадан

Кочкор ауданындағы аудандық аурухананың жағдайымен танысу барысында Қамчыбек Ташиев ескі ғимараттарды бұзып, орнына жаңа корпус салуды және аумақты көгалдандыруды тапсырады.

Кейін аудандық Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімінің басшысын шақырып, берген тапсырмасын естігенін растауды сұрайды. Ол кезде басшы телефонға алаңдап тұрған еді.


Қамчыбек Ташиев одан телефонын сұрап, артынша лақтырып жібереді.

"Мен сендер үшін жұмыс істейін бе? Құрылыс дереу басталуы керек. Мердігерді таңдаңдар да, барлық процесті бақылауға алыңдар", – деп қатты айтты Қамчыбек Ташиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу