Интерфакс-Қазақстан таратқан ақпаратқа сүйенсек, "Қырғызалтын" қауымдастығы белгіленген талаптарды сақтамаған.
"2021 жылғы 17 қыркүйектен бастап "Қырғызалтын" ААҚ жауапты жабдықтау бағдарламасының талаптарын сақтамағаны үшін Good delivery LBMA тізімінен уақытша шығарылды. Осы уақыттан бастап зауыттың барлық өнімі стандартқа сәйкес келмейді деп танылды", – деп жазылыпты LBMA мәлімдемесінде.
Бұған дейін LBMA маусым айында "Қырғызалтынның" жеткізілімдерін, алаяқтық әрекеттерге барған-бармағанына қатысты зерттеу жүріп жатқанын мәлімдеген еді.
Тізімнен түсіп қалу "Қырғызалтынның" негізгі халықаралық нарыққа қол жеткізуін шектейді. Себебі бағалы металдар саудасында ірі банктер "Good delivery LBMA" мәртебесі бар аффинаж зауыттарының бағалы металына басымдық береді.