Қырғыздар ет асудан рекорд орнатпақ

896

Қырғыздар ет асудан рекорд орнатпақ

Бішкекте 5 наурыз Ақ қалпақ және ұлттық киімдер күніне орай бір тонна ет аспақшы. Шараны "Ак элечек", "Ак калпак" және "Кыргыз тилектешиги" жобалары қолға алып отыр. Бұл туралы ұйымдастырушылардың бірі Эльнура Кулуева айтты, деп хабарлайды abai.kz.
Оның сөзінше, ұлттық тағам орталық Ала-Тоо алаңында әзірленеді. Ұйымдастырушылар Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерін шақырып отыр.
"Рекордтық тағамды пісіруге елдің меценаттары көмектесіп отыр. Бесбармақты дайындауға екі күн кетеді. Мақсатымыз – ұлттық тағамды насихаттау",- дейді Эльнура Кулуева.
Осыған дейін ең үлкен ет 2015 жылы Астанада асылған. Ол кезде тағамның салмағы 736,5 келі болып, Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Әлеуметтік желіде бұл туралы адамдар түрлі пікір айтуда, бірі дарақылық десе, бірі қолдау білдіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу