Бішектегі Қазақстан елшілігінің алдында 20-25 адам қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты наразылық білдірді, деп хабарлайды Интерфакс ҚР СІМ-ге сілтемемен.
"Шын мәнінде, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30 шамасында Бішкектегі Қазақстан елшілігінің алдында 20-25 адамның қатысуымен пикет өтті. Акцияға қатысушылар қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға қатысты елшілік қызметкерлеріне Қазақстан басшылығының атына жазылған петиция тапсырды. Біздің пікіріміз бойынша, қырғыз қоғамы екі ел арасындағы шекара мәселесіне байланысты дұрыс ақпарат алмаған",- дейді ҚР СІМ баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу