Қырғыздар көбейіп келе ме?

Халық санының ең төмен көрсеткіші ел астанасы – Бішкекте тіркелген. 

Қырғыздар көбейіп келе ме? Фото: dalanews.kz

Айыр қалпақты ағайындардың халық санында табиғи өсім бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жыл басынан бері халық санының табиғи өсімінің ең жоғары деңгейі Баткен, Ош пен Жалал-Абад облыстарында тіркелген. Ал, ең төмен көрсеткіші Бішкек, Ыстықкөл облысында болып отыр. 

– Қырғыз Республикасының тұрақты тұрғындарының саны 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 91,7 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсіп, 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 7 млн 254 мың адамды құрады, – деп хабарлаған Ұлттық статистикалық комитеті. 

Халықтың және азаматтық хал актілерін тіркеу департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында АХАТ органдарында 107,9 мың жаңа туған нәресте немесе 1000 тұрғынға шаққанда 20 және 24,2 мың адам қайтыс болған. Халықтың табиғи өсімі 83,7 мың адамды немесе 1000 тұрғынға 15,5 (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 16,1) құрап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу