Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара аумағындағы ауыл тұрғындары "Достық палауында" бас қосты. Екі жақтың тұрғындары Тәжікстанның Хистеварз ауылы мен Қырғызстаның Борбордук ауылы тоғысқан маңдағы мейрамханада өтті. Достық кездесуге шекараның екі жағындағы екі ауданның әкімдері барған. Жүзден аса адам жиналған кездесудің ішінде екі жақтың әскерилері де болды. Палауда бас қосқан екі халықтың өкілдері арқа-жарқа әңгіме құрып, шер тарқатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу