Қырғыздар шекара қызетін күшейтуге кірісті

816

Шекарашылар мәліметінше, қазіргі уақытта шекара аймақтарында 10 мыңға жуық содыр бар, бұл Қырғыз еліне үлкен қауіп төндіреді.

Қырғыздар шекара қызетін күшейтуге кірісті

Қырғыз шекарашылары орталық-азиялық республикалар шекараларына содырлардың шоғырлануы туралы хабарламадан соң күзет, өткізу бекеті қызметін күшейтті. Бұл туралы islam-today-ге сілтемемен kazislam.kz.

Қырғыз мемлекеттік шекара қызметі басшысы Ұларбек Шаршеевтің айтуынша, соңғы апталарда Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан шекара маңынан "Талибан" және ДАИШ террористік ұйымы содырларының шоғырлануы байқалған.

Шекарашылар мәліметінше, қазіргі уақытта шекара аймақтарында 10 мыңға жуық содыр бар, бұл Қырғыз еліне үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты шекара, бекет қауіпсіздігін күшейту ғана емес, шекара маңындағы барлық аудандарды да тексеру жұмыстары жүргізілуде. Шаршеевтің айтуынша, шекарадағы жалпы ахуал тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу