Қырғыздар Жогорку Кеңеш төрағасы мен үкімет басшысын сайлады

918

Елдегі саяси элитаның ауысуына Парламент сайлауының әділ өтпеуі себеп болған. 

Қырғыздар Жогорку Кеңеш төрағасы мен үкімет басшысын сайлады

Қырғызстанда Жогорку Кеңеш төрағасы және Үкімет басшысы сайланды, деп хабарлайды Аtameken Business. 67 депутат кеңес өткізіп, бұрынғы премьер-министр Кубатбек Бороновтың отставкаға кеткенін жариялады.

Енді бұл елдегі атқарушы билікті Садыр Жапаров басқарады. Ол бүгін ғана түрмеден шықты. Екі жыл бұрын Қаракөлде митинг ұйымдастырғаны және өңір губернаторын кепілге алғаны үшін 11, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ал Жогорку Кеңеш спикері қызметіне  Мыктыбек Абдылдаев сайланды. Ол – "Бир Бол" фракциясының депутаты. Бұрынғы парламент спикері де отставкаға кетті. Елдегі саяси элитаның ауысуына Парламент сайлауының әділ өтпеуі себеп болған.

Дегенмен Сайлау комиссиясының мүшелері дәл қазір қайтадан саяси науқанын ұйымдастыру мүмкін емес екенін айтады. Себебі елде тұрақсыздық, оның үстіне қаржы да жоқ. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу