Қырғызстанның Талас ауданындағы жайлауда тұтанған алапат өрт Қазақстанның шекарасына жақындады. Біздің тарап тілсіз жаумен күреске 150 адамды жұмылдырған. Сондай-ақ өрт сөндіру жұмыстарына арнайы тікұшақ бөлініп отыр, деп хабарлайды 24.kz
Алмалуу тауындағы өртпен күрес 10 тәулікке ұласты. Бірақ өшірген сайын өршіп келеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 400 адам жұмылдырылған.
"Біз өртті сөндіруге бар күшімізді салып жатырмыз. Алайда жалын Қазақстанның аумағына өтіп кетті. Біздің шекараны кесіп өтуге қақымыз жоқ", - дейді Манас ауданы әкімінің орынбасары Замир Құрманәлиев.
Өртті өшіре алмауға адам аяғы жетпейтін аумақтарға өтіп кетуі де себеп. ТЖ қызметкерлері арнайы техниканың жоқ
Алмалуу жайлауының жарты бөлігі Қазақстанға тиесілі. Өртті сөндіруге жұмсалған күшке қарамастан, қатты жел жалынды қайтадан қырғыз шекарасына алып келген. Сол себепті, Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Қазақстанға хат жолдап, өрт сөндіруде көмек беруін өтінді.
"Өртті сөндіруге екі елдің де қатысуы маңызды", - дейді Талас облысының орман шаруашылығы басқармасының басшысы Болот Қадырбеков.
Өртті сөндіру жұмыстарына Талас облысының бірнеше ауданынан өрт сөндіру қызметі жұмылдырылды. Қазір тәртіп сақшылары, орман шаруашылығы, техникалық лицей өкілдері мен 200 жергілікті тұрғын көмекке келген. Бішкек пен Жалалабад облысынан да 150-ге жуық адам қосылды.