Қырғыздың үкімет басшысы Қазақстанмен шекарада тәртіп орнатуды тапсырды

553

Көрші елдің премьер-министрі қарамағындағыларға олқылықтарды түзеуге алты ай уақыт берді. 

Қырғыздың үкімет басшысы Қазақстанмен шекарада тәртіп орнатуды тапсырды

Қазақстанмен арадағы шекараға тәртіп орнату керек. Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев үкіметке осындай тапсырма берді, деп хабарлайды 24.kz.

Өйткені шегенделген аймақта контрабанда қылмысы көбейген. Жергілікті кәсіпкерлер есепке алынбаған тауарларды бей-берекет тасымалдап, салық төлеуден жалтаруда. Салдарынан мемлекеттік бюджетке миллиондаған қаржы жетпей қалады.

"Одаққа кіргелі, Қазақстаннан көптеген тауарларды қабылдай бастадық. Өткен жылы көршілес елден келетін импорттық өнімдерді есептеп көрдік. Үш ай ішінде бюджетке 785 миллион сом түскен. Ал нарыққа шыққан тауардың көлемі бойынша  бізге 5 миллиард сом түсуі керек еді",– дейді Мухаммедкалый Абылгазиев.

Үкімет басшысы бұл олқылықтың орнын толтыруға алты ай уақыт берді. Сондай-ақ, кеден қызметкрелері контрабандалық жүктерді қатаң бақылауға алуға тиіс. Егер нәтиже болмаса, премьер-министр жауапты мамандардың жұмыстан қуылатынын айтты. Бұл мәлімдемеден соң экономика министрі өз еркімен отставкаға кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу