Қырғыз арқылы Тәжікстан мен Ауғанстанға газды заңсыз тасымалдағандар ұсталды

791

Қырғыз арқылы Тәжікстан мен Ауғанстанға газды заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Жамбыл облыстық ұлттық қауіпсіздік қызметі департаментінің жедел тексеру тобымен Қазақстаннан Қырғыз республикасына үлкен көлемде сұйылтылған мұнай газын  заңсыз өткеріп келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды abctv.kz.

Ұсталған 13 күдіктінің заңсыз іспен ұзақ уақыттан бері айналысып келгенін растайтын құжаттар тәркіленген. Олардың 6-ы Қырғыз республикасының азаматы.  
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмыстық топтың жұмысына Жамбыл, Оңтүстік және Алматы облысының компаниялары қатысқан. Контрабандалық газдың басым бөлігі Қырғыз арқылы Тәжікстан мен Ауғанстанға тасымалданып отырған. 
Арнайы мамандардың есебінше, келтірілген шығын ай сайын 650 миллион теңгені құрайды екен. 
Бүгінде аталған іс бойынша Жамбыл облыстық мемлекеттік кіріс департаментімен біріге отырып, ҚР ҚК-нің 197 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, бұл қылмысқа құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу