Қырғызстан АЭС салу туралы шешім қабылданбағанын мәлімдеді

944

Елдің Энергетика министрлігі мен "Росатом" өкілдері 20 қаңтарда қуаты аз атом станцияларын салудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған еді.

Қырғызстан АЭС салу туралы шешім қабылданбағанын мәлімдеді

Ресейдің "Росатом" компаниясына Қырғызстан аумағында АЭС салдырту туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы жұма күні Қырғызстанның Энергетика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қырғыз тарапы РИТМ-200H реакторлық қондырғысы базасында Ресей атомшыларының әзірлемелерін зерттеуге қызығушылық білдіріп отыр", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қырғызстанда АЭС салу туралы шешім тараптардың осы мәселені ұзақ талқылау процесінен кейін ғана қабылданады.

Бұған дейін Қырғызстанның Энергетика министрлігі мен "Росатом" өкілдері 20 қаңтарда "EXPO-2020" көрмесі аясында қуаты аз атом станцияларын салудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат Қырғызстанның Энергетика министрлігі жүйесінің ғылыми-техникалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша бірлескен жұмысты дамытуға бағытталған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу