Қырғызстан арзан туристік аймақтар қатарына қосылды

1283

Қырғызстан арзан туристік аймақтар қатарына қосылды

Америкалық Forbes қаржы-экономикалық журналы Қырғызстанды 2017 жылғы арзан туристік бағыттардың тізіміне енгізді. Тізімде 17 ел бойынша 21 бағыт көрсетілген. Онда Қырғызстан жаңа туристік бағыт ретінде сипатталған, деп жазады 7kun.kz.

Журналда Қырғызстан тарихы мен мәдениеті бай таулы мекен ретінде таныстырылды. Бұған қоса, Қырғызстан — әлемдегі ең тартымды әрі көпшілік біле бермейтін ел. Бішкек — Орталық Азияны, Ұлы Жібек жолы мұрасын зерттеуге болатын ерекше орталық.

Журнал бюджеті шектеулі туристер үшін Қырғыстан таптырмас орын екенін айтады. Қаланың тұрғын аудандарынан баспананы бар болғаны 15 долларға табуға болады, тойып тамақтану үшін 2 доллар жетіп жатыр. Тіпті дәстүрлі киіз үйде бірнеше ас мәзіріне тапсырыс беру үшін 20 доллар жеткілікті болады.

Журнал тізіміне Португалия, Оңтүстік Корея, Румыния, ОАР, Грецкия, Филиппины, Австралия, Тринидад және Тобаго, Словакия, Грузия, Лаос, Египет, Боливия, Юта штаты, Гватемала, Белиз және Гондурас енді.

Еске салайық, National Geographic, Financial Times, The Guardian және Business Insider басылымдары Қырғызстанды 2016 жылы туристер көруі тиіс елдер қатарына енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу