Қырғыз билігі Асқар Ақаевқа бұрынғы президент мәртебесін қайтарудан бас тартты

193

Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесі отырыста Асқар Ақаевқа экс-президент мәртебесін қайтару туралы өтініштен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қырғыз билігі Асқар Ақаевқа бұрынғы президент мәртебесін қайтарудан бас тартты Фото: wikimedia

Естеріңізге сала кетейік, 3 қыркүйекте Жоғарғы Кеңеске Асқар Ақаевтан экс-президент мәртебесін қайтару туралы хат келіп түскен болатын.

Хат Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер мен ЖК регламенті жөніндегі комитетке жолданды және оның мүшелері депутаттарға өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды ұсынды. Парламентшілер комитеттің ұсынысын қолдады.

Асқар Ақаев 1990 жылы билікке келіп, елді 15 жыл бойы басқарды. 2005 жылы 24 наурызда отбасылық, авторитарлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қызғалдақ төңкерісі нәтижесінде ол құлатылды.

Нәтижесінде, Ақаев Қырғызстаннан қашып, басында Беларусьте тұрып, кейіннен Ресейге көшті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу