Қырғызстан Астанаға нота жолдады

1144

Қырғызстан Астанаға нота жолдады

Қырғызстан екі азаматының Қазақстанда ұсталуына байланысты ақпарат беруін талап етіп, Астанаға нота жолдады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Осы жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасындағы елшілігінің консулы Е.Әбішев шұғыл түрде министрлікке шақырылды. Кездесу барысында Е. Әбішевке Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің аталған ақпараттың растығы немесе терістігін анықтауға байланысты нотасы табысталды. Егер расталған жағдайда азаматтардың кім екені туралы толық ақпарат пен болған оқиғаға байланысты сәйкесінше түсінік берілуі керек. Қырғызстан Республикасының министрлігі мен шекара мекемелері аталған мәселені бақылауда ұстап отыр", - делінген көрші елдің СІМ ресми сайтындағы хабарламасында.   
Бұдан бұрын белгілі болғандай, жақында Қазақстанда контрабандамен күрес шарасы аясында арнайы ірі операция жүргізіліп, 29 күдікті ұсталған болатын. Қазақстанның бас прокуратурасының ақпаратынша, ұсталғандар арасында кеден мен құқыққорғау органдарының лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар мен қылмыстық топ өкілдері, сондай-ақ Қырғызстанның екі азаматы бар.

Сенбі күні қырғыздың бірқатар БАҚ-ы ұсталғандар арасында Қырғызстан жоғарғы кеңесінің депутаты бар екендігін жазып, жар салды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу