Қырғызстан астанасында шетелдік туристер үшін қала салығын енгізу ұсынылып отыр

307

Осындай ұсынысты Бішкек қалалық мәслихатының кезекті сессиясында депутат Тоқтосын Сұлтанов мәлім етті. 

Қырғызстан астанасында шетелдік туристер үшін қала салығын енгізу ұсынылып отыр  Фото: freepik

Бішкек қаласы шетелдік туристер үшін қала салығын енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Депутаттың айтуы бойынша, мұндай тәжірибе шет елдерде бар және қонақүйлерде туристерден қалалық төлем ("City fee") алынады.

Сонымен қатар, Тоқтосын Сұлтанов Қырғызстан астанасының әкімі Айбек Жүнушалиевтен бұл мәселені министрлер кабинеті деңгейінде көтеруді талап етті.

Бұдан бөлек, түскен қаржыны туристік нысандарды қолдауға пайдалану ұсынылды.

"Алынған қаражат қалаға қосымша табыс ретінде пайдасын тигізеді. Сонымен қоса, Бішкекке келетін туристердің санын білетін боламыз. Осы кірістердің негізінде шығындарды жоспарлап, кейіннен алынған қаражатты жөндеуге, ескерткіштерді абаттандыруға, шетелдік туристердің демалысын ұйымдастыруға жұмсауға болады", - деп түсіндірді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу