Қырғызстан байытылмаған қазақстандық ұнға айыппұл салмақ

989

Қырғызстан байытылмаған қазақстандық ұнға айыппұл салмақ

Қырғыз тарапы ұн байытылмаса, енді айыппұл саламыз деп отыр. Бірақ байытылған ұнның құнын төлегілері жоқ, деп хабарлайды khabar.kz.
Ортақ стандарт бойынша ұнды байытуға В дәрумендерінің бірнеше түрі қосылады. Оның бағасы тоннасына 1,5-2 долларды құрайды. 
"Қазақстан астық өңдеушілер одағының" президенті Евгений Ганның айтуынша, көрші елдің бұл әрекеті тарифтік шектеулерді енгізу арқылы өз өндірушілерін қолдаудан туындауы мүмкін. 
Былтыр Бішкек 27 мың тонна ұн сатып алса, биылғы көрсеткіш 15 мың тонна. Бұл Қазақстан ұн экспортының 1 пайызы ғана.
"Қырғыз тарапы бидайға қосылатын қосымша құн салығын алып тастады. Ұн сатып алмас үшін бидайды өздері өңдемек. Дегенмен қазақстандық ұн қырғыз нарығына өтіп жатыр. Заңсыз тасымалдағандары да бар. Егер қырғыздар заңсыз жолмен байытылмаған ұнды сатып алып саудаласа, ол үшін қазақ тарапы жауап бере алмайды", - дейді Евгений Ган.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу