Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған Матраимовтың қайда жүргені анықталды

4359

Райымбек Матраимовтың Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болғаны үшін Бішкекте ұсталған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен байланысы бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан басшылығына қастандық жасамақ болған Матраимовтың қайда жүргені анықталды Фото: knews.kg

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің жедел ақпаратына сәйкес, іздеуде жүрген Райымбек Матраимов Әзербайжан астанасы Бакуде жүр.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпаратына сәйкес, оны ұстау туралы Әзербайжан тарапына хат жолданған.

Қазір әзербайжандық полиция оны ұстау және одан әрі Қырғызстанға экстрадициялау мәселесін қарастырып жатыр.

"Сонымен бірге, жедел іс-шаралар барысында Райымбек Матраимовтың Қырғызстанда ұсталған Әзербайжаннан келген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен байланысы бар екені анықталды, олар Қырғызстан басшылығына қастандық жасауға дайындық жасаған", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰҚК қызметкерлері Қырғызстан аумағында Әзербайжаннан келген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері: В.М. Алиев, С.А. Багиров, М.О. Асгаров, М. С. Бехбудов және З.И. Мамедовты ұстаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу