Қырғызстан басшысы дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тізіміне көкбөру ойынын енгізуді ұсынды

378

Бұдан бөлек, ол Жалал-Абат қаласын 2025 жылы түркі әлемінің туристік орталығы ретінде атауды да ұсынып отыр.

Қырғызстан басшысы дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тізіміне көкбөру ойынын енгізуді ұсынды Фото: aqorda.kz

Бұл туралы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалал-Абат қаласын 2025 жылы түркі әлемінің туристік орталығы ретінде атауды ұсынамын. Жалал-Абат Жібек жолы тармақтарының бірінде орналасқан. Сонымен қатар, ол танымал туристік орын болып есептелінеді", - деді Қырғызстан басшысы.

Сондай-ақ, ол түркі елдерінің мәдени және спорт саласындағы байланысына тоқталды.

"Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылы өтеді. Спорт пен мәдениеттегі дәстүрлерді сақтауды жалғастыру үшін этноспорттық іс-шаралар аясында ұлттық ойындар тізіміне қырғыз халқының ұлттық ойыны – көкбөру ойынын қосу маңызды деп санаймын", - деп атап өтті Қырғызстан президенті.

Садыр Жапаров көшпенділер ойындарын өткізуге кезінде Қырғызстан бастама көтергенін де атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу