Қырғызстан: белсенділер мерзімінен бұрынғы президент сайлауын өткізуге үндеді

795

Бұған дейін ереуілшілер уақытша премьерді тағайындаған еді. 

Қырғызстан: белсенділер мерзімінен бұрынғы президент сайлауын өткізуге үндеді

Қырғызстандағы "За реформы и результат" азаматтық кеңесі мерзімінен бұрынғы президент сайлауы өткізілуі керек деп мәлімдеді. Бұл туралы жергілікті 24.kg басылымы хабарлады.

Қоғам белсенділілері Жогарку Кеңештің соңғы шақырылымын соңғы мәрте отырыс өткізіп, жаңа төраға тағайындауға, жаңа үкімет пен Орталық сайлау комиссиясын жасақтауға, бас прокурорды бекітуге үндеді.  

"Саяси күштер арасындағы келіссөздер парламенттік сайлаудың қорытындысын жоюға, жаңа үкімет пен Орталық сайлау комиссиясына және президент қызметінің тағдырына қатысты келісімге алып келуге тиіс", – деп жазылған кеңестің ресми мәлімдемесінде.

Сонымен қатар қоғам белсенділері халық сенімі үкіметін құруды ұсынып отыр. Олардың айтуынша, мұндай үкімет негізгі саяси күштерді біріктіреді, олардың жетекшілері парламент сайлауына қатыспауға уәде береді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу