Қырғызстан билігі грек жаңғағын қырғыздікі деп атауды ұсынды

181

Бейнежазба Джалал-Абад облысында көшет отырғызу кезінде түсірілген. 

Қырғызстан билігі грек жаңғағын қырғыздікі деп атауды ұсынды Фото: dsnews.ua

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамчыбек Ташиев грек жаңғағын қырғыздікі деп атауды ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg-ге сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бейнежазба Джалал-Абад облысында көшет отырғызу кезінде түсірілген.

Қамчыбек Ташиевтің сөзінше, Қырғызстан жерінде мыңдаған жыл бойы жаңғақтар өседі.

"Әлемдегі ең үлкен плантация Арсланбобта орналасқан. Әлемнің ешбір жерінде жаңғақ ормандарының осындай ірі аумағы жоқ. Біз осындай бірегей орында тұрамыз. Жаңғақ бүкіл әлемге Қырғызстаннан таралды. Кейін ол грек, түрік, испан және венгр жаңғағы деп аталынды. Іс жүзінде жаңғақ Қырғызстаннан таралып отыр. Сондықтан оны грек емес, қырғыз жаңғағы деп айтуымыз қажет", - деді Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу