Қырғызстан билігі мешіттерді жаба бастады

650

Санитарлық тексеруден өтпеген Қырғызстанның барлық мешіттері жабылады. 

Қырғызстан билігі мешіттерді жаба бастады Фото: eadaily

Бұл туралы республиканың Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Ведомство хабарлағандай, діни мекемелерді тексеру дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі. Ол үшін ведомствоаралық комиссия құрылды, оның құрамында өңірлік билік, ІІМ, ТЖМ, "Кадастр" мемлекеттік мекемесі, Мемсанэпидқадағалау және т. б. өкілдері бар.

Кейбір мешіттердің өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамағаны анықталды.

"Жақын арада республикалық деңгейде тексеру ұйымдастырылатын болады. Жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуына байланысты жағымсыз салдардың алдын алу үшін нормаларға сәйкес келмейтін мешіттер жабылады", - деді ҰҚМК.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу