Қырғызстан билігі сот арқылы "Азаттық радиосының" жергілікті филиалын жабуға ниетті

544

Қырғызстан билігі Бішкектің Ленин аудандық сотына "Азаттық радиосының" қырғыз филиалының қызметін тоқтату туралы талап арызбен жүгінді.

Қырғызстан билігі сот арқылы "Азаттық радиосының" жергілікті филиалын жабуға ниетті

Бұл туралы Inbusines.kz "Ферғана" АА сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметінше, сот ісінде қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал туралы бейнематериал жойылмай, әлеуметтік желілерде таратылғаны көрсетілген. "Азаттық радиосы"әрекеттері, талап-арызда көрсетілгендей, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы " заңның талаптарына қайшы келеді, яғни онда соғысты, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті, ұлттық, діни айрықша жағдайды және басқа халықтар мен ұлттарға төзбеушілікті насихаттауға жол берілмейді , делінген хабарламасында.

Бұған дейін, басылымның сайты Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің шешімімен 2022 жылдың 26 қазанында бұғатталғаны хабарланған болатын. Оған себеп - қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс туралы сюжет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу