Қырғызстан Тайвань төңірегіндегі жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеп, аралдағы шиеленістің тез арада басылатынына және бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізілетініне үміт білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
"Қырғыз Республикасы негізгі қырғыз-қытай құжаттарында жазылған "Тайвань мәселесі" және "Бір Қытай" қағидатын қолдау жөніндегі өз ұстанымының өзгермейтіндігін растайды", – деп мәлімдеді сыртқы саясат ведомствосы.
2 тамызда АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайванға сапарлай барған еді. Ол аралға неліктен келгенін Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен кездесу барысында айтты. Кездесу жабық түрде өтті.
Қытай АҚШ-тың бұл қадамын айыптады. ҚХР-дың СІМ Пелосидің сапарына байланысты "сұрапыл" шаралар қабылданатынын жариялап, АҚШ-тың Қытайдағы елшісіне ескерту жасады. Ресми Бейжің спикердің Тайванға баруы "Бір Қытай" қағидатын және қытай-америкалық коммюникесінің ережелерін бұзып отырғанын мәлім етті.
Табиғат Нұрболат