Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болуға өзін ұсынды

183

Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтуді сөз етті. 

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болуға өзін ұсынды Фото: knews.kg

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясында сөйлеген сөзінде Қырғыз Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаев тиісті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғыз Сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таяу Шығыс, Африка мен Шығыс Еуропа аймақтарындағы қазіргі ауыр жағдай гуманитарлық дағдарысты тудырып отыр, деді ол.

Құлубаев халықаралық қақтығыстарды тезірек шешу қажеттігін атап өтіп, барлық елдерді халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысын сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, ол Қауіпсіздік Кеңесінің реформасын және оның құрамын барлық аймақтардың, әсіресе Африканың тең өкілдігін ескере отырып кеңейтуді алға тартты.

"Қырғыз Республикасы алғаш рет Кеңестің тұрақты емес мүшесінің орнына 2027-2028 жылдарға өз кандидатурасын ұсынды және кеңесте ешқашан жұмыс істемеген мемлекеттерге орын алуға мүмкіндік беріп, тарихи әділетсіздікті жоюға шақырды", — деді Қырғыз СІМ басшысы.

Ол Қырғызстанның БҰҰ-ның жаһандық мәселелерді шешудегі күш-жігеріне жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу