Қырғызстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуға ниетті

583

Бас Ассамблеяның отырыстары коронавирус пандемиясына байланысты видео форматында өтіп жатыр.

Қырғызстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуға ниетті

Қырғызстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақсыз мүше болу үшін өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы ел президенті Сооронбай Жээнбековтың баспасөз қызметі мәлім етті.

"Қырғызстан да адам құқығын қорғау, құқық пен демократияның сақталуы сынды мәселелерге көңіл бөледі. Елімізді адам құқығы жөніндегі Кеңесте өтетін сайлауда қолдауыңызды сұраймыз", – деді Жээнбеков БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында. 

"Қырғызстан БҰҰ-ның бас хатшысының реформаларын қолдайды. Әмбебаптылық, тиімділік және шағын елдердің Кеңеске мүше болуы сияқты қағидаларды сақтау керек", – деді ол. 

Айта кетейік, қазір  Бас Ассамблеяның отырыстары коронавирус пандемиясына байланысты видео форматында өтіп жатыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: kabar.kg

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу