Қырғызстан ЕАЭО-ның бірыңғай энергонарығын тезірек қалыптастыруға шақырды

198

  Еуразиялық экономикалық одақ елдерін қырғыз премьер-министрі Ақылбек Жапаров бірлестіктің ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыруды кешіктірмеуге шақырды.

Қырғызстан ЕАЭО-ның бірыңғай энергонарығын тезірек қалыптастыруға шақырды Фото: depositphotos.com

 

Ол мұндай мәлімдемені Минскіде кеңейтілген құрамдағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында жасады, деп жазады inbusiness.kz cайты.

"Энергетика туралы айтатын болсақ, Одақтың ортақ энергетикалық нарығын қалыптастыру мәселелерін кешіктірмеу маңызды. Энергоресурстарға қол жеткізу мәселелерінен басқа, оны тұтынушылар мен нысаналы нарықтарға кедергісіз әрі үздіксіз өткізу үшін осы ресурстарды мемлекеттеріміздің аумақтары бойынша тасымалдау жөніндегі инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне кірісуіміз қажет", - деді Жапаров.

Оның айтуынша, одақ аясында бүгінгі таңда "климаттық күн тәртібі" мәселелері де өзекті болып отыр.

"Көміртекті және кәдеге жарату деп аталатындардың жасырын, негізсіз кемсітушілік құралдарына айналуына және фискалдық функцияларды атқаруына жол бермеу керек. Бұл ретте климаттың өзгеруіне байланысты табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі органдарды үйлестіруді жолға қою қажет. Тиімді үйлестіру экологиялық және экономикалық залалды барынша азайта алады", - деп жалғастырды қырғыз министрлер кабинетінің басшысы.

Ол күш-жігерді ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін технологияларды және өнеркәсіп пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта энергияны үнемдейтін шешімдерді енгізуге бағыттау керек деп қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу