Қырғызстан ЕЭК пен ДСҰ-ға Қазақстанға қатысты түсірген шағымын қайтарып алуда

777

Қырғызстан ЕЭК пен ДСҰ-ға Қазақстанға қатысты түсірген шағымын қайтарып алуда

Қырғызстан Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ)  Қазақстанға қатысты түсірген шағымын қайтарып алуда, деп хабарлайды КазТаг. 
"Қырғызстан ЕЭК пен ДСҰ-ға түсірген шағымын қайтарып алады, себебі Қырғызстан мен Қазақстан жол картасына қол қойды. Біздің арамызда бір жағдай болды, енді ол маңызды емес", - деді ҚР вице-премьер-министрі Толкунбек Абдыгулов сейсенбідегі журналистермен кездесуде. 
Сонымен қатар ол хабарлағандай, үкімет қырғыз-қазақ шекарасында кәсіпкерлерге келтірілген шығын көлемін есептеуде. 
"Үкімет шекарадағы қиындықтарға қатысты зардап шеккен кәсіпкерлерге шығынын өтеуге уәде берді. Біз қазіргі таңда шығын көлемін есептеудеміз, мен шығын көлемін есептейтін комиссияның төрағасымын. Шығынды есептеу әдістемесі жасақталды. Бүгінде экономика министрлігі кәсіпкерлермен шығынды есептеу бойынша жұмыс істеуде. Қаулымен әр кәсіпкерге көмек көрсетілетін болады", - деп атап өтті вице-премьер.
Хабарланғандай, Қазақстан Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды 10 қазаннан бастап күшейтті. БӨБ-те өз кезегін күтіп күніне бірнеше жүздеген жүк көліктері тұрған. Бұл режим 3 желтоқсанда жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу