Қырғызстан экономикасы қарқынды түрде қалпына келіп жатыр

2143

Экономикалық өсімнің жеделдеуіне негізінен алтын өндірісінің 2021 жылдың желтоқсанында шамамен 4 есе артуы себеп болды.

Қырғызстан экономикасы қарқынды түрде қалпына келіп жатыр

Қырғызстан экономикасы қалпына келу өсімінің шегіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Еуразиялық даму банкінің макроэкономикалық шолуына сілтеме жасап.

Өткен жылғы базаның төмен болуы салдарынан көрсеткіштер жоғарылап отыр. Экономикалық өсімнің жеделдеуіне негізінен алтын өндірісінің 2021 жылдың желтоқсанында шамамен 4 есе артуы себеп болды. Дегенмен 2020 жылғы төмен базаның әсері 2022 жылдың алғашқы айларында да ЖІӨ-нің өсу көрсеткіштеріне ықпал етеді.

"Экономикалық жағдайдың жақсаруына негізінен өнеркәсіптік өндіріс пен бөлшек сауда секторларының дамуы түрткі болды. Ал ауыл шаруашылығы мен құрылыс салалары әлі де құлдырауда. Ішкі инвестициялық және тұтынушылық сұраныс әлі де аз. Біздің болжамымыз бойынша, 2022 жылдың басында ЖІӨ көрсеткіші айтарлықтай өседі. Бірінші жартыжылдықтың соңында төмен база әсері азайғанда, экономикалық өсім қарқыны баяулауы мүмкін", – деп жазылған шолуда.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу