Қырғызстан электр энергиясын экспорттайтын елдердің тізіміне енуге ұмтылуда

261

Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров энергетиктердің кәсіби мерекесіне орай құттықтау сөзінде айтып өтті. 

Қырғызстан электр энергиясын экспорттайтын елдердің тізіміне енуге ұмтылуда Фото: inbusiness.kz

Қырғызстанда соңғы жылдары энергетика саласында үлкен өзгерістер болды. Мемлекет елдің электр энергиясын өндіру мүмкіндігін ескере отырып, Қырғыз Республикасын электр энергиясын импорттамайтын, бірақ экспорттайтын елдердің тізіміне енгізу үшін энергетика саласында төтенше жағдай енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы елде Ат-Башинская су электр станциясы мен Тоқтоғұл су электр станциясының екі гидроагрегаты сәтті қайта жаңғыртылып, Үш-Қоргон су электр станциясын қайта құру жұмыстары басталғанын айтты. Бұл ретте, су электр станциясының қызмет ету мерзімі 35-40 жылға дейін ұзартылып, олардың қуаты артты. Ірі гидроэлектростанциялар арасында тарихи жоба ретінде "Қамбар-Ата-1" СЭС салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, генерацияны ұлғайту саласындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында жаңартылатын энергия көздерін дамытуға инвестиция тартуға жағдай жасалды. Осындай бірқатар ірі жобаларды Чатқал, Кокомерен, Сары-Жаз су электр станцияларының тізбелері мен шағын су электр станциялары, күн және жел электр станциялары толықтырады.

Басқа жылдармен салыстырғанда, Қырғызстанда биылғы жылы энергетика саласы арнайы техникамен және құрал-жабдықтармен көбірек жабдықталып, халықты үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін көп жұмыстар атқарып жатыр. Осының барлығын энергетиктердің тынымсыз еңбегінің жемісі деуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу