Вице-министрдің сөзінше, елдегі қалыптан тыс суықтың салдарынан энергетика жүйесіне жүктеме артты. Мұндай жағдай кеңестік кезеңнен бері байқалмаған.
"Өткен тәулікте 76 млн киловатт сағат тұтынылды. Соңғы бірнеше күні кешкі уақытта энергия жүйесі қолданыстағы қуат шегінде жұмыс істеп тұр, бұл жылу беру маусымында рұқсат етілмейді. Жабдықтардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды болдырмау үшін елдің түкпір-түкпірінде энергетиктер су электр станциялары мен қосалқы стансаларда тәулік бойы кезекшілік атқаруда", - деді Мирлан Жақыпов.