Шетелден Қырғызстанға келетіндер коронавирустың "сыртан келу жағдайлары" санының азаюына байланысты бұдан былай әуежайларда COVID-19 коронавирусын наміндетті тексеруден өткізбейді, деп хабарлады жексенбіде коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі республикалық штаб.
"Вирустың ел ішінде тарала бастағанына және келушілер арасында бірді-екілі жағдайлардың анықталуына байланысты олар үшін алгоритмдер өзгертілді", - деді штаб өкілдері.
Штабтың хабарлауынша, Қырғызстанға келген азаматтар COVID-19 үшін ПТР тест тапсырмайды және олар байқауға карантинге жіберілмейді
"Жолаушылар келгеннен кейін сауалнаманы толтырып, мобильді қосымшаны орнатып, үйге барады. ЖРВИ немесе тұмау белгілері пайда болған жағдайда олар тұрғылықты жері бойынша дәрігерден кеңесу керек", - деді штаб өкілдері.
Бұған дейін Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері Қырғызстанмен рейстерді қайта бастағандығы туралы хабарланған болатын. Басқа елдермен тек чартерлік рейстер орындалады.
Пандемия басталғалы бері Қырғызстанда 39 мыңнан астам COVID-19-бен ауырған, 1,4 мыңнан астам адам қайтыс болды.