Қырғызстан Еуразиялық одақта Бірыңғай медициналық деректер базасын құруды ұсынды

196

Бұл туралы Еревандағы Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында айтылды.

Қырғызстан Еуразиялық одақта Бірыңғай медициналық деректер базасын құруды ұсынды Фото: kabar.kg

Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров еңбек мигранттарының қаржылық және уақыт шығындарын азайту мақсатында ЕАЭО аумағында медициналық деректермен алмасудың бірыңғай жүйесін құруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өз сөзінде Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы одақ аясындағы көші-қон процестерінің маңыздылығын атап өтті.

"Қырғызстан президенті ұсынған бастамалардың бірі – жұмысшыларды медициналық тексеру нәтижелерін тану жүйесін дамыту. Бұл асқа елге барып, қайта осындай процедуралардан өтуге мәжбүр болған мигранттардың қаржылық және уақыт шығындарын айтарлықтай азайтады", – деді Жапаров.

Заманауи цифрлық технологиялар, деді ол, ЕАЭО аумағында медициналық деректермен алмасудың бірыңғай жүйесін құруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің басшысы сенімді медициналық ұйымдар тексеріс нәтижелерін жүктей алатын, басқа қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік органдарына қолжетімді болатындай деректер алмасудың бірыңғай платформасын құру мәселесін қарастыруға шақырды.

"Осы бастаманы жүзеге асыру медициналық көмек көрсету саласында ортақ сенім кеңістігін құруға әкеледі, бұл жұмыс күшінің қозғалысының еркіндігін және одан әрі интеграцияны қамтамасыз етудің маңызды элементі болады", – деп атап өтті Жапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу